"Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің
Ережесі
І Жалпы бөлім 1. Осы Ереже "Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және жұмыс тәртібін анықтайды.
1.1. Облыстық " Жалын "олимпиадалық резерв мектебі (бұдан әрі ООРМ) Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Білім туралы" Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
1.2. ООРМ танымал ғалымдар мен оқытушыларды тарта отырып, дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу үшін құрылған.
1.3. Мақсаты мен міндеттері:
- облыс оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалары мен сайыстарына қатысу нәтижесін нығайту;
- облыстың олимпиадалық командасын дайындау және анықтау жүйесін дамыту;
- теориялық және тәжірибелік деңгейлерін жоғарлатуға жағдай жасау.
1.4. Мақсаттарына қол жеткізу құралдары – ООРМ оқу кезеңінде ғалымдар мен облыс мұғалімдерін дарынды және талантты балалармен жұмыстануға тарту.
1.5. ООРМ жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндідік ауысымда ұзақтығы 10 күнге дейін жұмыс жасайды.
1.6. ООРМ ауысым бағыттарына сәйкес оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын әзірлейді, ғалымдармен және оқытушылармен шарт жасайды.
1.7. Оқу-жаттықтыру жиындарының әр ауысымына 30 сағат бөлінеді. Пән бойынша жалпы саны жылына 120 сағат болады.
ІІ. ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ АЯҚТАУ2. "Жалын" облыстық бейіндік ауысым мектебі Ақтөбе облысының білім басқармасы "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жанында жұмыс жасайды.
2.1.ООРМ-не қабылдау Ақтөбе облысының білім басқармасы "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының іріктеу қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
2.2. "Жалын" ООРМ-нің оқытушылар тізімі, оқушылар саны, өту күні мен уақытын Ақтөбе облысының білім басқармасы бекітеді.
2.3. ООРМ қатысушыларының оқуы, тұруы, тамақтануы облыстық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.ООРМ-ның қатысушылары ООРМ-ның өтетін орнына дейін және қайту жолын өз есебінен төлейді.
3. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ3.1. ООРМ білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеу, жаңа нысандар мен әдістерін енгізу, оқу жоспарлары мен бағдарламалар эксперименттік сынақтан өткізетін шығармашылық зертхана болып табылады.
3.2. ООРМ білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша жүзеге асырылады және берілген бейін бойынша жоғары кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз етеді;
3.3. ООРМ-нің оқу жүктемесі бағыттар бойынша бекітілген оқу жоспарларына сәйкес келеді;
3.4. ООРМ-де оқыту үшін ғалымдар, оқытушы – магистрлар, жоғары санатты мұғалімдер шарттық негізде тартылады;
3.5. Берілген ауысымға штат қалыптастыру, кесте құру, оқу жоспарларын бекіту, шартқа отыру үшін Ақтөбе облысының білім Басқармасының және "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТҚББО- ның жауапты қызметкерлер тағайындалады.
3.6. ООРМ жоғары оқу зертханасының базасында, басқа мекемелер мен білім ұйымдарында жұмыс жасайды.
3.7. Әр ауысымның соңында оқытушы өз пәнінен қорытынды білім рейтингісін өткізіп, нәтижелерін "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығына және жалпы білім беру мектептерінің жетекшілеріне тапсырады.
3.8. Өткізілген 4 ауысымның қорытындысы бойынша педагог-жаттықтырушылар оқу-жаттықтыру жиындарының нәтижелері жөнінде ақпарат дайындап, пән мұғалімдеріне семинар-практикум өткізуіне негіз болып табылады.
4.МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ, ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ4.1. ООРМ-де оқыту тегін.
4.2. ООРМ қаржыландыру білім басқармасы және "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТҚББО-ның тарапынан ұсынылған сметаға сәйкес облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4.3. Авторлық бағдарламаларды әзірлеу келісім-шарт негізінде төленеді.
4.4. ООРМ-нің оқытушыларына еңбекақы тарифтік кестеге байланысты төленеді.