Орталық туралы
Ақтөбе облысы бойынша білім саласының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен оларды қолдау мәселелері бойынша қызмет ететін «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығын құру туралы» Ақтөбе облысы әкімиятының 13.11.2006 жылғы №364 Қаулысына сәйкес құрылды.

Мақсаттары және міндеттері
1) дарынды балалар мен талантты жастардың шығармашылық, зияткерлік және физикалық қабілеттерін анықтау және дамыту;
2) дарынды балалар мен талантты жастардың жеке ерекшеліктерін дамыту, қабiлеттiктiң тек осы оқушыға ғана тән ерекшелiктерiн ескере отырып, шығармашылық, зияткерлік және спорттық түрде дамыған жеке тұлға қалыптастыру үшiн ерекше жағдайлар жасау, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, іріктеу, қолдау, дамыту жүйесін жетілдіру және білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
3) Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасын іске асыру;
4) Өздігінен білім алу және ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларына оқыту, сондай-ақ жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігін қалыптастыру;
5)педагогтар мен психологтардың жоғары деңгейлі әдістемелік және психологиялық-педагогикалық сауаттылығын қамтамасыз ету, дарынды балалармен атқарылатын жұмыстағы кәсіби шеберлігін үздіксіз көтеру боп табылады.
14. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) дарынды балалар менталантты жастармен жұмыстың негізгі нысандарын қосымша білім беру жүйесі арқылы дамытады және іске асырады;
2) қосымша, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бойынша дарынды балалар мен талантты жастардың арасында облыстық, республикалық, кешенді зияткерлік, спорттық жарыстарды, шығармашылық конкурстарды өткізу мен облыс құрама командаларын республикалық, халықаралық деңгейдегі шараларға дайындау жұмыстарын жүргізеді;
3)тренингтер, турнирлер, фестивальдар, конкурстар, слеттер, мәдени-танымдық ауысымдар, кездесулер және дарынды балалар мен талантты жастарды сырттай оқыту мен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, "Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің, оқушылардың ғылыми-зерттеу зертханасының, педагогтер қауымдастығының, психологтардың шығармашылық зертханасының, ғылыми-әдістемелік кеңестің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді ұйымдастырады;
4) дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс жасайтын педагогтер мен психологтар үшін әдістемелік шаралар өткізеді (семинарлар, конкурстар, конференциялар, курстар, педагогикалық олимпиадалар, жарыстар, шеберлік сыныптары);
5) дарынды балалар мен талантты жастардың, олардың жетекшілерінің және педагогтердің, психологтардың республикалық, халықаралық олимпиадалар, дебаттық турнирлер, спорттық жарыстар, шығармашылық және кәсіби конкурстар, фестивальдар, семинарлар, конкурстар мен форум- конференцияларға, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға және шығармашылық конкурстарға дайындау бойыншаоқу-жаттығу ауысымдарына жіберуді ұйымдастырады;
6)педагогикалық озық  тәжірибені тарату мақсатында  полиграфиялық, безендіру, көшірме-көбейту және  т.б. баспалық қызметтерді  жүзеге асырады;
7) құқықтық нысандары мен ведомостволық формаларына қарамастан білім ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді;
8)дарынды балалар мен талантты жастардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық  қабілеттілігі жөніндегі сұрақтар бойынша  алыс -жақын шет елдермен ынтымақтастық шараларын өткізеді;
9) дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, дамыту және қолдау бағытындағы әдістемелік қамтамасыз етуді талдау, жаңарту және тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жұмыс топтарының жұмысына қатысады;
10) білім беру қызметінің түрлі бағыттары бойынша  дарынды балалар  мен талантты жастардың құрама командаларын жасақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) дарынды балалардың облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына  оқуға қабылдануында ұйымдастырылатын конкурстық іріктеуді өткізуге қатысады.
12) Дарынды балалар мен талантты жастар мәселелері бойынша мәліметтер қорын және мониторингтік талдау жүйесін құру.    
13) мекеменің мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен және т. б.) өзара іс-қимыл жасау, серіктестік орнату.
15. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Миссиясы: Ақтөбе облысының дарынды балалары мен талантты жастарын анықтау, дамыту және кәсіби қолдау.
Мемлекеттік мекеме қызметiнің негізі:
1) дарынды балалардың білім алудағы жоғары деңгейлігін қамтамасыз ету мен дамыту, қолдау көрсету, іріктеу, анықтау жүйесін тек қана өз басына айрықша тиісті шығармашылығын қалыптастыру үшін арнайы жағдай жасап, әрбір оқушының жеке ерекшелігін дамыту;
2) Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту салалық бағдарламасын жүзеге асыру. Мемлекеттік стандартқа сай білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесінде «дене тәрбиесі» пәні бойынша мемлекеттік бағдарламасын орындау.
Міндеттері:
1) Дарынды оқушылардың және талантты жастардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау мен дамытудың арнайы жүйесін құру.
2) Дарынды балалар мен талантты жастармен жұмыстың республикалық үлгісін қаматамасыз ететін ақпараттық-инновациялық орта қалыптастыру
3) Дарынды балаларды қолдау, сүйемелдеумен қатар, олардың жаңашыл ұстаздарына да қолдау көрсетіп, тәжірибелерін тарату;
4) педагогтердің жоғары деңгейдегі психологиялық-педагогикалық және әдістемелік сауаттылығын қамтамасыз ету, дарынды балалармен жұмыста кәсіби шеберлігін үздіксіз көтеру