Шаралар мұрағаты
2024 жылғы 21-24 қаңтар аралығында Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңі Астана қаласында жалғасуда.
Ақтөбе облысынан қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша 23 оқушы қатысуда.
Олимпиадаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайымен танысып, түрлі Бас қаланың көрікті жерлерін тамашалауда. Сонымен қатар, қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында психологиялық тренингтерге қатысып жатыр. Олимпиаданың бүгінгі ІІ турына қатысып жатқан барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында «Жекпе-жек» спорт кешенінде «Ғажайыпқа толы Жаңа Жыл!» атты
ҚР Президенті атынан Жаңа жылдық шырша өткізілді.
Мерекелік шараға 9-13 жас аралығындағы Ақтөбе қаласы мен аудандардан 200 көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім алуға қажеттілігі бар және дарынды балалар қатысты.
Мереке аясында өңір басшысы А.Шахаров балаларды мерекемен құттықтап, энциклопедия және тәтті сыйлықтар таратып, әр балаға 100 000 теңге көлемінде сертификаттар табыстады;
Ұлу жылына арналған театрландырылған қойылым көрсетілді;
Балалар қазақ ертегілері мен танымал мультфильмдерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлерімен ойын ойнап, тапсырмалар орындады;
Аяз Ата, Ақшақармен бірге көңілді байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды.
«Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы күнделігі
МЕРГЕН АРУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған "Мерген ару-2023" пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан республикалық турнирі басталып, ашылу салтанаты болып өтті.
Жас жеткіншектер арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мен оқушылар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға арналып жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін турнирді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай ақ, Ауған соғысының ардагері, полковник Қажымұқан Сәтенов еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас мергендерге батасын берді. "Жас сарбаз" республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев турнирдің маңыздылығы туралы айта келіп, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдіскері, үздік АӘжТД пәнінің мұғалімі Серік Сражға жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолындағы үлгілі еңбегі үшін ҚР Қорғаныс министрінің атынан қол сағат сыйлады.
Екі күнге созылатын дәстүрлі турнирге Ақмола, Атырау, Абай, БҚО, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарынан келген мергендер қатысып, бақтарын сынайды.
Әлиядай батыр апаларының жолын жалғап жүрген жастарға сәттілік тілейміз! Шын мықтылар топ жарсын!
«Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
«Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысып, білім сайысында өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген оқушыларымызды марапаттау салтанаты 31 қазан күні сағат 10.00-де «Шығармашылық Академиясы» ғимаратында өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша:
І орынға ие болған 7- жүлдегерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы мен бағалы сыйлық дыбыс үдеткіш және Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының білім басқармасының атынан 50 000 теңге ақшалай сыйлық сертификаты;
ІІ орынға ие болған 11- жүлдегерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы мен бағалы сыйлық смарт сағат және Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының білім басқармасының атынан 20 000 теңге ақшалай сыйлық сертификаты;
ІІІ орынға ие болған 18- жүлдегерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы мен бағалы сыйлық құлаққап және Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының білім басқармасының атынан 10 000 теңге ақшалай сыйлық сертификаты табысталды. Сонымен қатар 20 оқушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мақтау қағаздарымен марапатталды.
2023 жылғы 18 қазанда Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 41 жеңімпазын салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.
Интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті тұлға қалыптастыру, шығармашыл, дарынды оқушыларды ынталандыру мақсатында Ақтөбе облысы білім басқармасының атынан "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолова балалардың болашағына үлкен қолдау көрсеткен әр ата-анаға Алғыс хат, әр жеңімпазға диплом мен 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сертификат табыстады.
Дарынды, талантты, қабілетті, жігерлі балаларға зор сенім білдіріп, жеңістерімен құттықтады.
Шара барысында ән шырқалып, «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары,
ата-аналар мен ұстаздар жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей интернатының 7- класс оқушысы Досанов Батыр мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7- класс оқушысы Абайқызы Асылай олимпиада туралы өз ойларымен бөлісіп, ұстаздарына жүрекжарды тілектерін білдірді.
Жеңімпаздарды, ата-аналар мен жетекшілерді құттықтаймыз!
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ- 2023
НАЗАРБАЙ БЛИЕВ АТЫНДАҒЫ
ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Бүгін Ақтөбе қаласының Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектебінде Ақтөбе өңіріне танымал физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым және техника ғылымдарына еңбек сіңірген қайраткері Н.Қ.Блиев атында жалпы білім беретін мектептердің 9-класс оқушылары арасында физика, математика пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға аудандық және қалалық білім бөлімдерінен 101 оқушы қатысты.
Оқушылар математика, физика пәндерінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша көрсеткен білімдеріне сәйкес 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және академик Назарбай Қадырұлы Блиев қатысты.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов олимпиада қатысушыларына білімді, жігерлі жастарымыздың бойында нық сенім мен үлкен жауапкершілік болу керектігін айтып, оларға ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар болуына сенім білдірді.
Жеңімпаз оқушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және Н.Блиев жеке қорынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, академик Назарбай Блиев физика, математика пәндеріне қызығушылық танытып, мақтау қағазына ие болған 20 балаға ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлық табыстады. Ал, Қарғалы ауданы №2 Бадамша орта мектебінің 9-класс оқушысы Қалдыбаев Жансерікке физика пәнінен ең жоғары ұпай жинағаны үшін академик Назарбай Блиев атынан арнайы сыйлық ноутбук тағайындалды.
Математика пәні мұғалімдеріне арналған
Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы
2023 жылғы 27-29 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде 6 құрама команда жеңімпаз атанды:
І орын:
1. Алматы қаласының «Жалын» командасы.
ІІ орын:
1. Жетісу облысының «Жетісу шыңы» командасы;
2. Шығыс Қазақстан облысының «East_Math_Teachers» командасы.
ІІІ орын:
1. Ақтөбе облысының «Ақтөбе» командасы;
2. Алматы облысының командасы;
3. Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Вектор NIS» командасы.
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, «Зерделі» республикалық ақыл-ой дамыту орталығы, «Халықаралық экология, инженерия және педагогика академиясы» ҚҚ демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы барлық қатысушыларына Ораза айына байланысты мерекелік ас берді.
Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасын жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қалалық білім бөліміне, «Ақбөбек» халықаралық мектебіне, «Шығармашылық Академиясына», облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына және демеушілерге Ақтөбе облысының білім басқармасы және «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ғы атынан алғыс білдіреміз!
2023 жылғы 13-17 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі Ақтөбе қаласының №56 орта мектебі және №51 гимназиясында өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиада 15 пән бойынша:
- жаратылыстану-математикалық бағыт – математика, физика, химия,
биология, география, информатика;
-қоғамдық-гуманитарлық бағыт – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Олимпиаданың үшінші облыстық кезеңі кестеге сәйкес, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турдан тұрды.
ҚР-сы Оку-ағарту министрлігі академиялық адалдық пен ашықтықты сақтауға үлкен көңіл бөлініп, өткен жылдан бері олимпиада электронды форматта өткізіліп келе жатыр.
Биылғы жылы «EL Umiti» цифрлық онлайн платформасы ақпараттық жүйесінде прокторинг қызметін пайдалана отырып, веб-камерамен әрбір минутта фотофиксация скриндеу жүйесі арқылы өткізілді. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жеке логин мен құпиясөз және жауап парақшалары берілді.
Олимпиада «1компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өтті.
Қосымша YouTube арналарында олимпиаданың бейнежазбасы мен тікелей көрсетілімі жүргізілді.
Сонымен қатар, олимпиаданың ашықтығына көз жеткізіп, бақылау жүргізу үшін «Адалдық алаңы» «Аманат» партиясының өкілдері, ардагер-ұстаздар, ата-аналар қоғамы және БССҚД мамандары олимпиаданың академиялық адалдығын бақылады. Оқушылар тапсырмаларын тексерген әділқазылар алқасы құрамында Қ.Жұбанов атындағы АӨ Университетінің оқытушылары, Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдері, бұрыңғы олимпиада қатысушылары болған студенттер болды.
Олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстары орындау уақытына қарай (1 сағ 40 мин. / 2 сағ. / 3 сағ. пәнге байланысты) дереу сканерленіп, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының aktobe.daryn.kz сайтында және телеграмм каналдарында жарияланып отырды. Бұл тапсырманың жауап шешімдері жарияланған соң, әр қатысушыға ашық түрде орындаған тапсырмасы бойынша өз қателері мен дұрыс жауаптарын салыстыруға, өзінің ұпайларын бағалауға мүмкіндік бере алды.
Жалпы оқушылар жаратылыстану бағытының 5 пәні бойынша мәтінді тапсырмалар шешсе, биологиядан-тест тапсырмаларын орындады. Ал гуманитарлық пәндер циклының 8 пәнінен – эссе жазып, шет тілдері бойынша – лексика-грамматикалық тесттер және хат орындады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 976 оқушы қатысып, білім додасында бақтарын сынады.
Оның ішінде аудан мектептерінен – 356, қала – 476, ОББҰ – 144 оқушы қатысты. Ауданнан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша пәндерге қатысқан оқушылар Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қатысушы оқушылар Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының базасында орналастырылды. Оқушылар уақытылы тамақтану, жайлы орындар, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар, сондай-ақ қатысушылардың көңіл-күйін жақсарту, оларды олимпиадаға эмоционалды дайындау, бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы психологтары ұйымдастыруымен түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Үздік нәтиже көрсеткендер, нақты айтқанда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 39, қоғамдық-гуманитарлық ағыт бойынша 36 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV республикалық кезеңіне жолдама алды.
Облыстық кезең жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды. Дипломдармен қатар, мақтау қағаздары және қатысқаны үшін сертификаттары барлық оқушыларға берілді.
Руспубликалық кезеңге қатысатын оқушыларды 20-ақпаннан астап «Жалын» реверв мектебі мұғалімдері олимпиадаға дайындықтарын бастайды. Оқушыларды дайындауда «Edlight Academy» орталығымен келісім шарт орнатылды. Келісім шарт негізінде орталық оқытушылары олимпиада жеңімпаздары мен резервтік оқушыларды да олимпиадаларға дайындауды қамтамасыз етеді.
Биылғы олимпиаданың қатысушылары арасында «Ең жас қатысушы» номинациясын Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 7-класс оқушысы Дүйсенғали Нұрислам иеленді. Өзі 7-класс оқушысы бола тұра, 9-класс тапсырмасын орындап, аудандық кезеңнің жеімпазы атанып, облыстық олимпиадаға қатысқан болатын.
Осы күнге дейін біздің оқушыларымыз республикалық кезеңде бірнеше мәрте «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп келеді. Қатысушы оқушыларымыз әрдайым жеңісті орындармен оралады. Биылғы жылғы көрсеткіш одан да жоғары болады деген үміттеміз.
2022 жылғы 20 қыркүйекте Ақтөбе облысының білім басқармасы мен "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Елбасы Медалі» жобасы бойынша қола, күміс медаль жүлдегерлерін салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.
2022 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының
37 жеңімпазын салтанатты
марапаттау шарасы өткізілді.
Ақтөбе облысы бойынша «Жанды сабақтар» бір күндік туры бойынша мәлімет
Білім мен ғылым арқылы егеменді еліміз өркениетке қадам басып, ұстаздар қауымының атқарар міндеті жыл сайын артып келеді. Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару ұстаздардың ерен еңбегіңіздің жемісі.
Қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара дәстүрлі мерекелердің бірі.
Осы мерекеге орай, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығында "Уақыт пен ұрпақ үндестігі" атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға орталықтың ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды. “Ақтөбе-Дарын”орталығының алғаш директоры Г.Казиева және орталықтың ардагер ұстазы, шығармашылықты дамыту және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері А.Бисекова әріптестерін мерекелерімен құттықтап, тарихта қалған қызықты сәттер мен сол кездегі облысымыздың дарынды балаларымен ұйымдастырылған жұмыстар жөнінде әңгіме өрбітті. Білім саласында жеткен жетістіктері үшін «Ақтөбе-Дарын» ортылығының қызметкерлерді кәсіби мерекеге орай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті және “BI Жұлдызай” корпоративтік қоры атынан, “Дарын” РҒПО, Ақтөбе облысының білім басқармасының және облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті және “BI Жұлдызай” корпоративтік қоры Орталығымызға «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындарының өтуіне қолдау көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатын жолдады.
Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, атқарып жатқан жұмыстарыңыз ел тарапынан әрқашан қолдауға ие болып, абырой мен бедел биіктерінен көріне беріңіздер деп тілейміз!