"Жұлдызай" Ұлттық инклюзивті ойындары
Ағымдағы жылдын 26-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында өткізіліп жатырған "Жұлдызай" Ұлттық инклюзивті ойындарының бағдарламасындағы Асық ату, бес асық және үстел теннисі, жеңіл атлетика жарыстары өз мәресіне жетті. Аталған жарыстар қортындысы бойынша Ақтөбе облысының оқушылары 10 алтын, 10 күміс, 6 қола медаль иегері атанды.
Оқушыларымызды және команда жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!!!