Құрметті достар! Біздің ресми парақшамызға қош келдіңіздер! «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББ орталығы - Ақтөбе өңіріндегі дарынды және талантты оқушыларды анықтап, тұлғалық-зияткерлік пен шығармашылықты дамытуда қолдау көрсететін мекеме. Орталықтың өз ісіне адал, әрі ізденімпаз, креативті қызметкерлері - заманауи даму мен шығармашылық өсудің командасы. Біз, әрбір дарынды оқушы өзін сенімді әрі бақытты сезінуі үшін, бар күшімізді саламыз. Осы парақшадан Орталық шаралары жөнінде қажетті мәліметті таба аласыз. Сұрақтарыңыз болса, «Кері байланыс» бөліміндегі ақпаратты қолдана отырып, бізге өз сауалдарыңызды жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Сұрақтарыңызға жауап беруге әрдайым дайынбыз.